Қазақстандық "16 қыз" комедиясының авторлары арасында дау шықты

Фотография - Қазақстандық "16 қыз" комедиясының авторлары арасында дау шықты

Қанағат Мұстафин мен Елена Лисасина басты титралрды бөлісе алмауда

398 0

Еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатқан "16 қыз" қазақстандық комедияның авторлры арасында дау туды, деп жазады Today.kz. Фильм сценариін жазған Қанағат Мұстафин мен Елена Лисасина фильмнің басты титрларына келісе алмай жатыр.

"Алғашқы авторлық титрларда мен көрсетілмегенмін, менің атым тек "барабанда" ған, бұл финалдық титрлар. Заң бойынша, авторлық титр ол – фильмнің басында көрсетілетін титрлар. Мұндай мен үшін ауыр тиді, өйткені бұл менің прокаттағы алғашқы фильмім. 3 наурызда көрсетілімге шықты, 4 наурызда мен қателікті байқадым, заңгерді тарттым,  Kanaidar production кинокомпаниясына бұл құқық бұзуды тоқтатсын деп арыз жаздық. Жауап әлі алмадым, "Қазақфильм" өз міндетін орындады, шағымым Айдархан Әділбаев пен Қанағат Мұстафиннің иелігіндегі Kanaidar production ЖШС-на ғана", - дейді сценарист Елена Лисасина.

Лисасинаның айтуынша, оның аты-жөнін тіпті афишалар, постерлер мен флаерларда көрсетілмегені оған қатты тиген. Сценаридің екінші авторы Қанағат Мұстафиннмен бірге әлдебір Жанат Қасабеков деген көрсетіліпті. Лисасина оны мүлдем танымайтынын айтады.

Екінші сценарист Қанағат Мұстафинн де оқиға жайында пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, Лисасина расында да фильмнің сценариін жазушы авторлардың бірі болған, бірақ оның алдында режиссер ретінде титрлерді толтырудан гөрі маңыздырақ, шығармашылық міндеттер болғанын айтады.

"Бұл техникалық қателік. Ол жөнделуде. Бүгін-ертең түзетеміз. Қаламақы бойынша, автор оны толықтай алды", - дейді режиссер Қанағат Мұстафин.


Естеріңізге салсақ, "16 қыз" кинокомедиясының алғашқы көрсетілімі 27 ақпанда Астанада өткен, ал 3 наурызда республикалық прокатқа шықты. Фильмде Бауыржан атты ер адамның ата-анасының айтқанына қарамастан махабатпен үйленгісі келетіні туралы оқиға көрсетілген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!