Айнұр Тұрсынбаеваны жұлдызды айтыста қарсыласы "кобраға" теңеді

Фотография - Айнұр Тұрсынбаеваны жұлдызды айтыста қарсыласы "кобраға" теңеді

Биылғы жылы шоу айтыста Еркін Нұржанов пен Шалқарбай Ақанов ең үздік жұп ретінде 1 миллион ұтысты жеңіп алды.

791 0

Астанада эстрада әншілерінің, театр әртістерінің және ақындардың қатысуымен екінші рет "Жұлдыздар айтысады" шоу-айтысы өтті.

Өткен жылы тұңғыш рет ұйымдастырылған бұл сайыс жұрт арасында біраз сынға ұшыраған болатын. "Айтысты бұлай қорлаудың керегі жоқ" деп шулаған тыңдарман мұндай шоуды эфирге шығармауды талап еткен.

 Дегенмен, көрерменнің көңілін көтеруді мақсат тұтқан шоу биыл қайта жалғасын тапты. "Жұлдыздар айтысады" жобасының қазылар алқасында отырған Айнұр Тұрсынбаева күтпеген жерден сахнаға шығып, "Базар жоқ" театрының әртісі Бақытжан Қасымовпен айтысып кетті. Театр әртісі де ақынды "кобра" жыланға теңеп, қалжыңмен қағытып өтті.

Қыс бойы іннен шықпай, шабыты келіп отырған Тұрсынбаева қарсыласын сөзбен "шағып алуға" кірісті.

Өнерпаздардың арасынан нағыз шоу айтыс көрсеткен Еркін Нұржанов пен Шалқарбай Ақанов ең үздік жұп ретінде 1 миллион ұтысты иеленсе, екінші орын Айгүл Иманбаева мен Мұxтар Ниязовқа бұйырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!