"Ақ көгершін" байқауына 1,5 мыңнан астам бала қатысуда

Фотография - "Ақ көгершін" байқауына 1,5 мыңнан астам бала қатысуда

Әдеттегідей, байқау 7 номинация бойынша өтеді

549 0

Елордада балалар шығармашылығының "Ақ көгершін" фестиваль-байқауының ресми ашылуы өтті. Бүгін 1,5 мыңнан астам бала түрлі номинацияларда бағын сынау үшін "Жастар" сарайына жиналды.

- Биыл Астанада балалар шығармашылығының «Ақ көгершін» байқауын оныншы рет өткізіп отырмыз. Байқауға барша Қазақстаннан облыстық және республикалық іріктеу кезеңдерінен өткен балалар қатысады. Меніңше, байқау баланың өздігінен дамуына және қоғамдағы орнын табуына ықпал етеді. Үлкен мегаполистерде шығармашылық байқаулардың жиі өткізілетінін білемін, біздің мақсатымыз – еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды шығару, - деді "Ақ көгершін" балалар қорының президенті Тамара Ескенова.

Әдеттегідей, байқау 7 номинация бойынша өтеді: "Хореография", "Вокал", "Халық әні", "Инструменталды музыка", "Балалар сәні – сән театры", "Ерекше жанр" және "Көркем сөз". Х мерейтойлық фестиваль Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды, жекелеген номинацияларда осы тақырып қолданылмақ.

Жыл сайын байқауға өзге елдерден келген балалар да қатысады. Биыл қырғызстандық, ресейлік, өзбекстандық шығармашылық топтар бағын сынамақ.

"Ақ көгершін" фестиваль-байқауы балаларға арналған жыл сайынғы жарқын және есте қаларлық оқиға, сондай-ақ, балалар өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін паш етеді. Көп жылдар бойы жас дарындар өнер жолын осы фестивальдан бастап келеді.

- Мен "Ақ көгершін" фестиваліне қатысу үшін "Жұлдыз" би тобымен Атыраудан келдім. Байқауда рок-н-ролл және маймылдар биін билейміз. Жеңіске жетеміз деп үміттенемін, - деді Атырау қ. "Жұлдыз" би ансамблінің қатысушысы Нұрай Бейсенова.

Айта кетейік, 25 - 27 наурызда "Жастар" сарайы мен М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залдарында, №3 музыка мектебінде байқауға қатысушылар жарысқа түседі. 27 наурызда жеңімпаздарды марапаттау және гала-концерт өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!