"Тараз" фильмінің түсірілім алаңынан суреттер пайда болды

Фотография - "Тараз" фильмінің түсірілім алаңынан суреттер пайда болды

Нұртас Адамбай туған өлкесі Тараз қаласы жайында фильм түсіретіні жайлы осыдан біраз уақыт бұрын хабарлаған болатын.

747 0

Режиссер Нұртас Адамбайдың  "Тараз" атты жаңа фильмінің  түсірілімі басталды, деп хабарлайды Baistars.kz. Фильм режиссері Нұртас Адамбай өзінің Инстаграм парақшасында жарияланған суреттерінен байқағанымыздай, фильмде басты рөлдерді  Гүлназ Жоланова, Еркебұлан Даиров, Жандос Айбасов, Асан Мажит сынды талантты актелер ойнайды.

Айта кетейік, танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай туған өлкесі Тараз қаласы жайында фильм түсіретіні жайлы осыдан біраз уақыт бұрын хабарлаған болатын. Фильмнің жанры қылмыстық драма. "Фильм қиын жағдайға тап болған қарапайым адамдар жайлы сыр шертеді. Достық, адалдық, батылдық, намыс сияқты қасиеттерді таразылайды.Бұл қала мені көп нәрсеге үйретті. Дұрыс тәрбие берді. Осы фильм арқылы оған ризашылығымды білдіргім келеді", – деді Нұртас Адамбай. Фильм премьерасы күз мезгіліне жоспарланып отыр.


Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!