Қастеев музейінде "Кара Гюрла" антиквар салоны коллекциясының көрсетілімі өтеді

Фотография - Қастеев музейінде "Кара Гюрла" антиквар салоны коллекциясының көрсетілімі өтеді

Көрсетілім 29 наурызда бастау алып, 14 сәуірге дейін жалғасады

534 0

Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында "Кара Гюрла" антиквар салонының коллекциясы көрсетілімге қойылады, деп хабарлайды мұражайдың "Ғылыми сараптама" орталығының жетекшісі Камилла Ли.

2017 жылы ХХ ғасырдың алып жобасы болған – Жер әлемінің бір бөлігінде социализм құрылысын орнатқан Қазан Революциясына жүз жыл толады. Жыл өткен сайын бұл дәуір артта қалып барады, бірақ оның саяси-әлеуметтік, мәдениеттанушылық, философиялық құны өзінің лайықты дәрежесі мен мән-мағынасын алған жоқ. Социалистік реализм шығармашылық процеске енді қайтып келмейді. Оның кеңестік деуірден кейінгі өнертанушылық және тарихи сипаттамаларында ақыр аяғында саяси және гуманитарлық сәтсіздікке ұшыраған саяси идеяологияны үгіттеу тәсілі болған партия ұрандарын насихаттауды айыптау және сенімсіздік екпіні тоқтар емес. Дегенмен, уақыт өткен сайын уақытты көрсететін туындыларға ғана емес, социалистік идеалдарға шын жүрегімен сеніп, оларды шығармашылығына алып шыққан, сол процеске қатысушы авторларға қызығушылық артып келеді.

"Кара Гюрла" антикварлық салоны жүз жылдық дата қарсаңында КСРО-ның бұрынғы одақтас республикалары – Қазақ КСР-і, Қырғыз КСР-і, Өзбек КСР-і, Закавказье республикалары – Грузин КСР-і мен Армян КСР-інің социализм дәуіріндегі туындыларының көрмесін, дәл кеңес кезеңінде қалыптасқан ұлттық бейнелеу өнері мектептерін ұсынады, делінген таратылған баспасөз хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!