Балалар шығармашылығының "Тұмар-2016" қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

Фотография - Балалар шығармашылығының "Тұмар-2016" қалалық көрмесіне 250 оқушы қатысты

Жас шеберлер коллаждар, аппликациялар, ою-өрнектер, мүсіндер, ас үй заттарын және т.б. жасаған

387 0

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар шығармашылығы мен бейнелеу өнерінің "Тұмар-2016" қалалық көрмесінің қорытындысы шығарылды. Аталған мәдени шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді халық шығармашылығына тарту, деп жазды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Көрмеге 250 оқушы қатысты. Жас шеберлер коллаждар, аппликациялар, ою-өрнектер, мүсіндер, ас үй заттарын және т.б. жасаған.

Байқау қорытындысы бойынша "Арт-инсталляция" номинациясында "Нұр Орда" мектебінің өкілі сегіз жасар Ахмет Қабдолла үздік атанды. "Сәндік-қолданбалы өнер" санатында №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Қайорғазинова көш бастады. "Макеттер, коллаждар, қағазбастылық" номинациясында №27 мектеп–лицейінің шәкірті Камилл Камаловтың және Елена Кирпичеваның еңбектері ерекше деп танылды. Ең креативті мүсіннің авторы №1 математикалық-экономикалық лицейдің оқушысы он алты жасар Ермек Тұрғымбаев болып шықты.

– Байқау елордада екінші рет өткізіліп отыр. Әр мектепте технология сабағы өткізіледі, балаларға бар үйренгенін көрсететін алаң қажет. Көрмеге әртүрлі жұмыстар ұсынылады, барлығы ұлттық өнер түрлеріне арналады. Өткен жылы негізінен ұлттық нақыштағы бұйымдар жасалды, бұл жолы Қазақстанның болашағына арналған заттар көп болды, – деді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!