Шымкентте "Қазақ елі" анимациялық фильмнің премьерасы өтті

Фотография - Шымкентте "Қазақ елі" анимациялық фильмнің премьерасы өтті

"Қазақ елі" атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті,

288 0

Шымкенттегі "Көрме" орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген "Қазақ елі" атты тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмнің премьерасы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған фильмді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "САҚ" киностудиясы түсірді. Фильмде Қазақ хандығының құрылу тарихы, Әбілхайыр хан мен Керей, Жәнібек сұлтандар арасындағы шиеленісті оқиға суреттелген.

Айта кетейік, фильмді 2016 жылдың 19 мамырынан бастап барлық кинотеатрларда көрсету жоспарланып отыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!