"Саламат" тобы 1 жылдық кешін атап өтті

Фотография - "Саламат" тобы 1 жылдық кешін атап өтті

Топ жетекшісі Сиви Махмуди.

1905 1

Сиви Махмудидің басшылығымен осыдан бір жыл бұрын құрылған "Саламат" тобы туған күндерін атап өтті. Әрдайым жаңашылдық пен өзгешелікті бірінші орынға қоятын Сиви Махмуди бұл туған күнді де ерекше атап өтуді жөн көріпті. Бұрын соңды қазақ эстрадасында бір жылдық кеш өткізіп, халықтың қошеметіне бөленген жас әншілер болмағаны белгілі.

Сиви Махмуди өзінің мұндай батыл қадамға баруының себебін "Саламат" тобы жігіттерінің өнерді сүйетіндігімен әрі бағалайтындығымен байланыстырады.

Фото -

"Саламат" тобының 1 жылдық кеші елдің ерекше ықыласына бөленді. Салтанатты шара барысында қадірлі қонақ ретінде шақырылған КСРО Халық әртісі, қазақтың бұлбұл үнді әншісі Бибігүл Төлегенова ел алдында "Саламаттықтарға" өзінің ақ батасын берді.

Кеш барысында "Саламат" тобы Мақпал Жүнісова, Гүлнұр Оразымбетова, Сиви Махмуди, Фарида Жолдасова және "Азия" тобымен дуэт орындады. Әр дуэт өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Сонымен қатар, "Саламаттың" жігіттері өздерінің алғашқы "Махаббатты армандаймын" атты ән жинақтарын шығарды.  Альбомның тұсауын тұсауын Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова кесті.   

Сиви Махмуди жетекшілік ететін продюсерлік орталықта Айдарбек Рысбек, Тимур Омаров, Лара сынды өте дарынды әншілердің бар екенін жұрттың бірі білсе, бірі біле бермейді. "Саламат" тобының кешінде әр жобасының жаңа әндерімен таныстыруды да ұмытпаған пысық продюсер өзі кеш соңында шығып, халықпен қауышты.

Ән әлеміне ақ батамен қадам басқан "Саламат" тобының болашағы жарқын болатынына сенім мол.

Фото -

Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі:

"Саламат" тобының биік шыңды бағындырарына сенемін!

 "Саламат" тобының әрбір мүшесі болашағынан зор үміт күттіретін азаматтар. Олардың өнерге деген талпынысы да жоғары екендігін көріп, дует болып ән шырқау туралы ұсыныстарын қабыл алдым.

Байқағаным – жас болғанына қарамастан, көп ізденудің арқасында бір жылдың айналасында-ақ әжептеуіртәжірибе жинақтап үлгерген. Солай болуы да тиіс. Неге десеңіз, жігіттер ең бастысы – сынды дұрыс қабылдайды. Продюсерлерінің айтқан әрбір тапсырмасын, мұқият әрі тыңғылықты орындайды. Аз ғана уақыт ішінде "Саламаттықтардың" бойынан кешірімшіл, кішіпейіл, үлкенді сыйлай білу секілді нағыз азаматтарға ғана тән қасиеттердің барлығын кезіктіруге болатынын аңғардым. Меніңше, мұндай азамттар келешекте өнердің нағыз өз өкілі болады деп нық сеніммен айта аламын. Әрі оосы жолда жігіттерге сәттілік серік болсын, деймін!

Фото -

Гүлнұр Оразымбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

"Саламаттың" жігіттеріне сәттілік серік болсын!

"Саламат" тобын бір жылдық шығармашылық кешімен құттықтаймын. Болашақта ән әлемінен өздерінің орнын ойып тұрып алатын топ екені көрініп-ақ тұр. Жігіттер ең бастысы – еңбекқор. Өздерінің талмай тер төгуінің нәтижесінде бүгінгідей жетістіккке жетіп отыр.

Қазақтың талантты әншілерімен дует орындаудың өзі өнерге енді ғана қадам басқан әншілер үшін оңайға соқпайтыны анық. Бірақ "Саламат" тобының белсенділігі де өте биік деңгейде. Өздерінің жан-жақтылығын көрсетіп жатыр. Әнші ретінде өз-өздерін сахнада ұстауы да, билеген билері де керемет! Көптің көңілінен шығып жатыр. Алдағы уақытта да топ мүшелерімен бірлесе жұмыс істей береміз деген ойдамын. "Саламаттың" жігітеріне сәттілік серік болсын деймін!



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Мадина 31 нау. 2016

Саламат тобын ерекше жақсы көремін. Тек алға

Жауап беру