Кончита Вурст елімізде Астана күніне орай жеке концертін өткізеді

Фотография - Кончита Вурст елімізде Астана күніне орай жеке концертін өткізеді

Атышулы әртістің Қазақстандағы тұңғыш концерті Астана күніне орай 6 шілде күні өтеді деп мәлімдеді агенттіктердің бірі.

1421 1

"Евровидение-2014" жеңімпазы Кончита Вурст Астанаға келіп, жеке концертін беретін болды. Ол елімізде қазақ тілінде ән айтып, домбыра тартуды үйренбек деп хабарлайды nur.kz порталы.

Атышулы әртістің Қазақстандағы тұңғыш концерті Астана күніне орай 6 шілде күні өтеді деп мәлімдеді агенттіктердің бірі.

Дереккөздің айтуынша, Вурст қазақ тілінің әуезділігіне тәнті болған. Сол себепті, елімізде қазақша ән айтуды дұрыс деп тапқан. Кончита Қазақстаннан құр алақан қайтпай, ұлттық аспабымыз домбырада ойнауды үйреніп кететінін мәлімдеді.

Кончита Вурст — австриялық әнші Томас Нойвирттің сценалық образы. Ол осы бейнесімен дәстүрлі гендерлік рөлдерден бас тартып, өзгелердің таңдауына құрметпен қарау мәселесін көтерген тұңғыш әнші.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Ирина 26 сәу. 2016

Чего ей делать-то в нашей стране???? Сколько стран запретили "этому" въезд в свои пределы, а мы типа толерантные очень?? А потом и гомосексуальные браки разрешим??? Еще до чего дойдем?? Предела-то мерзости не бывает...

Жауап беру