"Kazakhstan open 2016" турниріне 100 астам биші қатысады

Фотография - "Kazakhstan open 2016" турниріне 100 астам биші қатысады

Алты елден келген қатысушылар классикалық еуропалық, ыстық латынамерикалық бағдарламалар, сондай-ақ, "фристайл" дисциплинасында жарысады

193 0

8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында Халықаралық паралимпиадалық комитеттің қамқорлығымен арбамен билеудің "Kazakhstan open 2016" үшінші халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алты мемлекеттен келген қатысушылар классикалық еуропалық, ыстық латынамерикалық бағдарламалар, сондай-ақ, "фристайл" дисциплинасында жарысқа түседі.

Бишілер сайысы 8-9 сәуір күндері өтеді. Би алаңында Австрия, Грузия, Тайвань, Ресей, Қырғызстан, Гонконг және еліміздің сегіз өңірінен жиналған бишілер бағын сынайды. 28 қатысушы елорда намысын қорғайтын болады.

ҚР қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекованың сөзіне қарағанда, арбамен спорттық би билеу өнері кеңінен тарап келеді, ал осы сияқты шаралар бұған өз септігін тигізеді.

– Үшінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінен келген арбамен билейтін бишілер елордада бас қосып отыр. Биыл дебютанттар ішінде Ақтөбе, Рудный және т.б. қалалардан келген жұптар бар. Фестиваль бағдарламасы да кеңейтілгенін айтып өткеніміз жөн. Өткен жылдан бері фристайл дисциплинасы қосылды, онда рейтинг, ұпай жинауға болады. Турнирде биылғы Азия чемпионатына жолдамалар сарапқа салынады, – деді Әлия Түсіпбекова.

Айта кетейік, демалыс күндері Тәуелсіздік сарайында сегіз жастан асқан балалар арасында спорттық биден ашық ел біріншілігі өтеді. Қазақстанның 10 өңірінен 1500 астам қатысушы келеді деп күтілуде. Чемпионат аясында ересектер арасындағы бірнеше тур өткізіледі.  

Ал жексенбі күні, 10 сәуірде биден Азия олимпиадасы басталады, оған 8 мемлекеттен және еліміздің өңірлерінен 3000 астам биші қатысады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!