Бас мүфти бастамасымен тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді

Фотография - Бас мүфти бастамасымен тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді

Қазылар алқасының құрамы: ҚМДБ-ның өкілдері және "Нұр-Мүбарак" университетінің білікті хафиз-ұстаздарынан құралады.

657 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамырдың 5-6 жұлдызында "Нұр-Мүбарак" университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Республикалық I Құран жарысы өтеді.

Жарысқа қатысушы төменде көрсетілген паралар бойынша сайысқа түседі. (Жүлде қоры 3 500 000 теңге)

10 пара                                                                 5 пара 
– 1-орын (450 000 теңге)                                        – 1-орын (250 000 теңге)
– 2-орын (370 000 теңге)                                        – 2-орын (200 000 теңге)
– 3-орын (300 000 теңге)                                        – 3-орын (150 000 теңге)

3 пара                                                                     2 пара (екі топ бойынша)
– 1-орын (150 000 теңге)                                        – 1-орын (100 000 теңге)
– 2-орын (130 000 теңге)                                        – 2-орын (80 000 теңге)
– 3-орын (100 000 теңге)                                        – 3-орын (60 000 теңге)

1 пара (үш топ бойынша)
– 1-орын (70 000 теңге)
– 2-орын (60 000 теңге)
– 3-орын (50 000 теңге)

(2 пара бойынша 16 жасқа дейін және 16 жастан жоғары талапкерлер қатыса алады. Ал, 1 пара бойынша 16 жасқа дейін, 16 жастан 30 жасқа дейін және 30 жастан жоғары талапкерлер қатыса алады.)

Ескерту:
– Қатысушының Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– Қатысушы талапкер 1 мамырға дейін тіркелуі қажет;
– Қатысушы ҚР азаматы болуы тиіс. 

Әр облыстан ҚМДБ өкілдігі арқылы іріктеліп келеді. Қай параны жаттағаны, яғни басынан ба, әлде соңы немесе ортасынан ба, ол қаридың ықтиярына қалдырылады. Бірақ бір пара тұтастай болу керек. Сұрақтар билет арқылы, үміткер өзі таңдайды. Бірақ жабық билеттегі сұрақты қазылар алқасы оқиды. 

Қазылар алқасының құрамы: ҚМДБ-ның өкілдері және "Нұр-Мүбарак" университетінің білікті хафиз-ұстаздарынан құралады. 

Өтетін жері: Алматы қаласы, "Нұр-Мүбарак" университеті (әл-Фараби көшесі, №73)

Байланыс ақпарат: +7 747 104 74 94, +7 775 626 81 21. ummetfound.kz@gmail.com

muftyat.kz




    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!