Қастеев мұражайында Асемқұл Бейбіттің SHEKSIZDIK1 атты жеке көрмесі өтеді

Фотография - Қастеев мұражайында Асемқұл Бейбіттің  SHEKSIZDIK1 атты жеке көрмесі өтеді

Көрмеге суретшінің отыздан астам графикалық туындылары қойылады

225 0

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2016 жылдың 14 сәуір күні сағат  суретші Асемқұл Бейбіттің / BEISEBALA "SHEKSIZDIK" атты жеке көрмесінің  ашылу салтанаты болады. Көрмеге суретшінің отыздан астам графикалық туындылары қойылып, көрме 2016 жылдың 5 мамырына дейін жалғасады.

Бейбіт Асемқұл соңғы бір-екі жылдың көлемінде графикамен әуестеніп, өзін жаңа қырынан сынап көрді. Көп ұзамай ғажайып графикалық парақтар дүниеге келді. Анасының өмірімен байланысты көріністер арқау болған бұл жұмыстарында, автор жанына жақын ана және отбасы тақырыбын қамтиды. Олар ақ қағаз бетінде көмір мен соусты қолдану арқылы салынған. Осы қарапайым әдіспен орындалғанына қарамастан, ерекше тылсым түсі мен ішкі жан-тебіренісінің сезімдері көрерменді өзіне баурап әкетеді.