Ақан Сатаевтың келесі режиссерлік жұмысы "Районы" деп аталады

Фотография - Ақан Сатаевтың келесі режиссерлік жұмысы "Районы" деп аталады

Фильмге басты және қосалқы рөлдерге кастинг жарияланды. Кастинг 30 мамырға дейін жалғасады.

399 0

Ақан Сатаевтың келесі режиссерлік жұмысы "Районы" деп аталады. Жобаның өндірісімен AstanaFilmFound және Sataifilm компаниялары бірігіп айналысады. Фильмнің не туралы болатыны әзірге айтылмайды. Түсірілім жұмыстары жазда басталмақшы. Сценарийді әдеттегідей Тимур Жақсылықов жазған. 

Фильмге басты және қосалқы рөлдерге кастинг жарияланды. Кастинг 30 мамырға дейін жалғасады.
Кастинг талаптары:
- Орыс тілінде сөйлейтін жасы 17-ден 30-ға дейін жігіттер, кез-келген ұлт. Қажет типаждар: тентек, оқу озаттары, үлгерімі төмен, романтиктер, музыканттар, спортшылар.
- Орыс тілінде сөйлейтін жасы 17-ден 30-ға дейін қыздар, кез-келген ұлт. Қажет типаждар: оқу озаттары және қарапайым студенттер, пысық және байсалды қыздар.
Кәсіби актерлер жаңа фотосуреттерін жіберуі керек.
Кастингке қатысуға үміткерлер көзілдіріксіз және фильтр жасалған фотосуреттерін жіберулері қажет (ірі планмен, орта планмен және толық бойымен), анкета casting_satai@mail.ru электронды поштасына қабылданады. 

    kinostan.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!