Моңғолиядағы қазақтың бүркітші қызы туралы фэнтези түсіріледі

Фотография - Моңғолиядағы қазақтың бүркітші қызы туралы фэнтези түсіріледі

Айшолпан Моңғолияда тұрып жатқан Ағылай есімді қазақ аңшының қызы.

85 0

Британдық режиссер Отто Белл Моңғолияда тұратын Айшолпан есімді бүркітші қыз туралы баяндайтын деректі фильм түсірген болатын. "Бүркішті" ("The Eagle Huntres") фильмінің дебюті 2016 жылдың басында Америкада "Санденс" кинофестивалінде өтті.

Айшолпан Моңғолияда тұрып жатқан Ағылай есімді қазақ аңшының қызы. Режиссер фильмде гендерлік теңдікке баса мән береді. Кіштентай қыздың ересек азаматтармен теңесіп, осы ежелгі кәсіпті меңгеруге батылы жеткенін айтады.

Енді осы деректі фильмнің негізінде анимациялық картина түсіру жоспарланып отыр. Идея 20th Century Fox Animation студиясына тиесілі. Бірақ бұл идеяны іске асырудың өзі ерекше қадам деп бағалануда. Өйткені, деректі фильмнің құқығы Sony Pictures компаниясына тиесілі. Ал Sony Pictures компаниясы 20th Century Fox студиясының бәсекелесі екені белгілі.

Қазір келіссөздер жүргізілуде екен. Деректі фильмнен анимация жасау құқығы 2 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл құқық аясына, сондай-ақ, әлемнің бірқатар елдеріне тарату мүмкіндігі де кіреді.

Айта кетелік, "Бүркішті" деректі фильміне атқарушы продюсер болғандардың бірі - актриса Дэйзи Ридли. Ол сондай-ақ фильмнің кадр сыртындағы мәтінін де оқыды.

kinostan.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!