Елордада "Мадам Баттерфляй" операсының тұсаукесері өтеді

Фотография - Елордада "Мадам Баттерфляй" операсының тұсаукесері өтеді

Театрда бір ай бойы қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілді

325 0

Италияның Қазақстандағы мәдени жылы аясында "Астана Опера" театрының Үлкен залында итальяндық композитор Джакомо Пуччинидің ең әсерлі "Мадам Баттерфляй" операсының тұсаукесері өтеді. Чио-Чио-сан (Көбелек) атты жас гейшаның роліндеҚазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай. Оның сүйіктісі, американдық флот лейтенанты Бенджамин Франклин Пинкертонның рөлін итальяндық опера сахнасының жұлдызы Фабио Армилиато орындайды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Картина американдық лейтенантқа ғашық болып,өз дәстүрінен бас тартқан және соңында отбасы мен халқы бас тартқан он бес жасар қыз туралы. Сүйіктісінің жасаған опасыздығын білгеннен кейін ол өзіне-өзі қол салады.

Театрда бір ай бойы қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілді. "Астана Опера" цехында жүзден астам костюм тігілді. Сондай-ақ бас киімдер, жасанды шаштар мен арнайы тігілген аяқ киімдер кейіпкерлердің бейнесін толықтырады. Айта кетейк, бұл жолы бірегей декорациялар қолданылады: мұндай өзен және мұндай табиғат бейнесіәлемнің бір де бір театрында көрініс тапқан емес.

Басты дайындықтан кейін әртістер операның тұсаукесеріне дайындалады: ән айтып, грим жағады. Басты рольді сомдайтын Жаннат Бақтай өз партиясын ойнаудағы қиындықтар туралы айтып берді.

"Бұл бір әншінің операсы, яғни бүкіл психологиялық, музыкалық, дауыс жүктемесі бір дауысқа түседі. Қойылымда бәрі де тұрақты, оңтүстік-шығыс халықтарына тән минимализм бар. Партияның қиындығы сонда жатқан сияқты. Басты кейіпкердің обрасы әйелдің барлық сезімін қамтиды: арманнан махаббатқа дейін, үлкен трагедия да орын алады", - дейді әртіс.

Жаннат Бақтайдың айтуынша, оның сүйіктісінің ролін итальяндық әртіс орындайтындықтан, көрермендер азия-еуропалық музыкалық сиқырлықты тамашалайды.

"Рольді қалай жеткізерімді білмеймін. Бәрі де жүректен шығады. Бәрі де жанды, табиғи. Барлығымыз да адамбыз, әртіс болғанымызға қарамастан біз де өмірімізде осындай керемет сәттерді бастан кештік", - дейді әртіс.

Еске салайық, 15 сәуірде сағат 19.00-де және 16 сәуірде сағат 18.00-де "Астана Опера" театрының Үлкен залында Дж. Пуччинидің "Мадам Баттерфляй" операсының тұсаукесері өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!