Президент оркестрі тәуелсіздікке тарту жасайды

Фотография - Президент оркестрі тәуелсіздікке тарту жасайды

Концертте тұсауы кесілетін туындылардың бірі "Ақберен" күйі

450 0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 2 жыл толуына орай ҚР Мемлекеттік күзет қызметі 22 сәуір күні кешкі 18.00-де Астанадағы "Қазақстан" концерт залында есепті кешін өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz. 

 Бұл жолы қайталанбас репертуарымен таң қалдарып келген ҚР МКҚ шығармашылық ұжымы осы жолы да өз тыңдармандарын Президенттік оркестр музыканттарының авторлығындағы жаңа туындыларымен қуантпақ. 


Концертте тұсауы кесілетін туындылардың бірі "Ақберен" күйі . Композиция авторы ҚР МКҚ Президенттік оркестрі халықтық музыка ансамблінің домбырашысы, композитор Бақытжан Дүйсенғазиев. "Ұлы дала" композицияның авторы - Президенттік оркестр халықтық музыка ансамблінің жетекші солисі, домбырашы Жандос Мұхтаров. Бұл күй 2015 жылы Қазақстандық атауларда "Ұлы дала ел" деген тіркесті қолдану туралы Мемлекет Басшысының идеясын қолдау білдіру ретінде туындаған."Ұлы дала" атауы мен сарыны қазақ даласының шексіздігін, біздің Атамекеннің өткені мен бүгінгісін, болашағын көрсетеді. Осы күйдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің би ансамблі алғашқы рет Талантбек Шоруков пен Мәдина Әлиева-Шорукова жаңа қойылымын орындайды деп күтілуде. 


Концертті Президенттік оркестр ән және эстрада ансамблінің бастығы, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" Жанат Шыбықбаев ашатын болады. Ол үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен А.Есмұханның танымал шығармасы "Отаным" әнін орындамақ. 


Құрама оркестрдің сүйемелдеуімен Президенттік оркестрдің солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ардақ Балажанованың, Досымжан Таңатаровтың, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Нұрболат Құсайыновтың, Қайбар Аллажардың, Әсел Мәдекешованың, Бибігүл Сауытованың, Айман Уданованың, Әлібек Ізбасаровтың, Гүлсаным Жұмағалиеваның және басқалардың орындауында отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалады.


Барлық іс-шараларда Президенттік оркестр жоғары кәсіби шеберлікті, музыкалық аспаптардың барлық түрін шебер меңгергендікті көрсетті. Оркестрдің музыканттары жоғары руханилығымен, өз өнері мен халқына қызмет ету ынтасымен ерекшеленелетін болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган. Қызмет 2014 жылғы 21 сәуірде құрылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!