Тоқтар мен Бейбіт егіздерінің тұсауын бас муфтиге кестірді

Фотография - Тоқтар мен Бейбіт егіздерінің тұсауын бас муфтиге кестірді

Егіздердің тұсауын кесу мәртебесі Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажұлы мен досы Бахтиярға бұйырған екен.

1056 0

Өмір мен өнерде жұптары жарасқан Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева егіз ұлының тұсауын кесті. Алматы мейрамханаларының бірінде өткен тойға отандық шоу-бизнес өкілдері жұлдызды шаңырақ иелерінің қуанышын бөлісуге келді, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Күні кеше төл бесік пен ән бесігін қатар тербеткен Тоқтар мен Бейбіт егіз ұлы Әлинұр мен Сағинұрдың тұсауын кесті. Отбасының қуанышын бөлісуге Алтынбек Қоразбаев, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Нұрлан мен Мұқасан, Айгүл Иманбаева сынды өнер мен өмірдегі ағалары мен достары келді.

Егіздердің тұсауын кесу мәртебесі Қазақстанның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажұлы мен досы Бахтиярға бұйырған екен.

Тоқтар мен Бейбіт алғаш рет «Нұр-Мұқасан» дуэтінің шығармашылық концертінде танысқан. Отаспас бұрын 6-7 жылдай әріптес ретінде араласып жүрген. Бейбіт Сейдуалиева Тоқтарды тек қамқоршы ағасы ретінде ғана қабылдағанын айтады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!