Қазақ ұлттық киімімі мен тағамы бойынша байқау өтті

Фотография - Қазақ ұлттық киімімі мен тағамы бойынша байқау өтті

"Нео-фольклор" киімдер дизайнерлері байқауының Алмалы аудандық турнирі ұйымдастырылды.

1270 0

2016 жылғы 21 сәуірде Алматы сән және дизайн колледжінің залында  ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен қазақтың ұлттық мәдени құндылықтарын жандандыру, қазақ ұлттық киімдеріндегі элементтерді құру арқылы дарынды шеберлерді, жаңа ұжымдарды және авторлық орталықтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған "Нео-фольклор" киімдер дизайнерлері байқауының  Алмалы аудандық турнирі ұйымдастырылды.  

Конкурстың мәні "Көктем-Жаз-2016" әлемдік сән маусымының үрдістеріне сай қазақ ұлттық киімінің дәстүрлері мен өнерінің синтезі нәтижесінде құрылған, "нео-фольклор" стиліндегі модель (бейне) немесе топтама болып табылады (киім,бас киімдер, аяқ киім, аксессуарлар).

"Нео-фольклор" киімдер дизайнерлері байқауының  қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

1-ші орынды Жансерікова Айгүл, 

2-ші орынды Түскен Ғалия Жеңісқызы мен Садыканова Аяулым, 

3 –ші орынды Есенбаев Рафаэль Оразбекұлы, Оксана Рудниченко иеленді. 

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

Сонымен қатар, Алматы сән және дизайн колледжінде қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғыртуға арналған байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Қазақ ұлттық асханасының көпғасырлық дәстүрін сақтап қалу және танымал ету. Ұмытылған ұлттық тағамдарды жандандыру және жаңа тағам түрлерін жарату.

Байқаудың міндеттері:

• қазақ ұлттық асханасына деген қызығушылықты арттыру;

•қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғырту және дәстүріне, үйіне, туған жеріне, отанына деген махаббатын арттыру;

•қазақ ұлттық асханасының тағамдарын мейрамхана кәсібі және қоғамдық тамақтану саласына тарату;

•қазақ ұлттық тағамдарын дайындау барысында пайдаланылатын экологиялық таза өнімдерді сатып алу арқылы фермерлер,шаруа қожалықтары мен диқандарға қолдау көрсету.

Ал, қазақ ұлттық асханасының аспазшылары арасындағы байқауда жеңімпаз атнған топтар: 

1-ші орынды Алматы сән және дизайн колледжі, 

2-ші орынды Алматы туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі, 

3-ші орынды Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері иеленді. 

Байқаулардың жеңімпаздары Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естеновтың атынан грамоталар мен есте қаларлық сыйлықтарға ие болды. 

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!