"Игіліктің бастауы – балалар" атты бірінші қайырымдылық фестивалі өтеді

Фотография - "Игіліктің бастауы – балалар" атты бірінші қайырымдылық фестивалі өтеді

Фестивальды Динара Машкееваның және музейдің бастауымен "Өнерленд" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

437 0

2016 ж. 30 сәуірде сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Игіліктің бастауы – балалар/Дети творят добро" атты бірінші қайырымдылық фестивалі өтеді. Фестивальды Динара Машкееваның және музейдің бастауымен "Өнерленд" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

"Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро»бірінші қайырымдылық фестивалі Алматы қаласының мың жылдығына орайластырылды. Атаулы жоба бүгінгі күні өзекті болып отырған балалар мен жасөспірімдерді өзін-өзі шығармашылық жағынан танытуға ынталандыру – жеке тұлғаны қаалыптастыру тақырыбына қоғамның назарын аудару үшін құрылған көркемдік-мәдени шаралар кешені болмақ. 

Жыл сайын өтетін "Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро" фестивалінің қайырымдылық миссиясы – мүмкіншілігі шектеулі және шығармашылық қабілеті ерекше дамыған балаларды қолдауға қаражат жинау. "Игіліктің бастауы - балалар/Дети творят добро" бірінші фестивалінің адресаты – туа біткен күрделі жүйелі аурумен күресіп жүрген дарынды қыз,   екінші топтағы мүгедек Анар Лепесова.

Фестивальдың басты мақсаты – елде жақсылық жасап, қуаныш сыйлайтын адамдардың санын көбейту үшін қалалықтарды, ұйымдар мен мекемелерді қайырымдылық қызметке мүмкіндігінше көбірек тарту.

Фестиваль бағдарламасында – балалар концерті. Бұл түрлі  балалар шығармашылық ұжымдарында оқитын балалардың орындауындағы би, ән және аспаптық нөмірлері.

Фото -

Бағдарламада бұдан басқа да  балалар шығармашылығының қайырымдылық көрме-сатылымы болады. Көрме экспонаттары – Анар Лепесованың авторлық тоқыма қуыршақтары және "Индиго" бейнелеу өнері студиясы оқушылары мен "Өнерленд" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен осының алдында болған "Сазға жазылған поэзия" әлеуметтік жобасында "Мейірім" балалар сауықтыру орталығының тәрбиеленушелерінің қолдан жасаған туындылары. 

Осы оқиғаның шарықтау шегі ең үздік балалар жұмыстарының қайырымдылық аукционы және қайырымдылық купондарының таратылымы болмақ.

Жобаға қазіргі заманның әлеуметтік проблемаларына бейжай қарамайтын қазақстандық компаниялар мен отандық белгілі адамдар қатысады. Эстрада әртісі Рафаэль шараның жүргізушісі болса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері әнші Жанна Орынбасарова өзінің жеке нөмірлерін орындайды.Жобаның бас демеушісі – "Вива Фарм" ЖШС, жобаның серіктестері: "Индиго" бейнелеу өнері студиясы, "Happy Kingdom" компаниясы.

Шараның арнайы қонағы – КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова.

Шара қонақтарын ауқымды әрі тартымды бағдарлама күтуде, сонымен біргебилет бағасына кіретінфуршет-коктейль де қарастырылған. Билеттің құны 3000 теңге. Билет музей кассасында сатылады және жоғарыдағы телефондарға қоңырау шалып, алдын-ала тапсырыс беріп қоюға болады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!