Алмалы ауданында "Тіл шебері" атты байқау өткізілді

Фотография - Алмалы ауданында "Тіл шебері" атты байқау өткізілді

Үш тілді жетік меңгерген жастар арасында "Тіл шебері" атты 4 кезеңнен тұратын байқау өткізілді.

459 0

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және аудан әкімдігінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппаратының  ұйымдастыруымен  № 4 оқушылар үйінде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында "Тіл шебері" атты 4 кезеңнен тұратын байқау өткізілді.     

1. "Мәдениеттаным" - қазақ халқының салт-дәстүрлері, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға орыс тілінде жауап беру; 

2. "Ұлттаным" - қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары жөнінде сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру; 

3. "Елтаным" - қазақ елі, оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға ағылшын тілінде жауап беру. 

4. "Өнертаным" -өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқу, билеу, т.б. өнер көрсету.

Байқда төрелік еткендер:

Білім беру ісінің  үздігі, М.Мақатаев сыйлығының иегері, ҚР өнер қайраткері Гүлшара Есетқызы; Білім беру ісінің үздігі "Қазақ тілі" пәні мұғалімі Қыстықбаева Бану Буланбаевна; "Niagara Education" орталығының директоры, ағылшын тілі мұғалімі Ложникова Светлана Викторовна;  Алмалы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбілтаева Ақсұңқар Шәмілқызы; "Эстрадамен ән салу" үйірмесінің жетекшісі Кулбаева Гүлсім Тұрсынбекқызы.

Фото -

Байқауға қатысушылар үлкен дайындықпен келгенін байқатты.

І – орын  Қыздар педагогикалық университетінің студенті Шымбат Кулпаш,

ІІ- орын Алматы технология  және флористика колледжінің студенті  Абсеметова Гаухар,

ІІІ - орын Туризм және Қонақжайлылық индустриясы  колледжінің студенті 

Хасенова Айнаш  жеңіп алып, қалалық байқауға жолдама алды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!