Қызылордада Батырхан Шүкеновтың құрметіне гала-концерт өтті

Фотография - Қызылордада Батырхан Шүкеновтың құрметіне гала-концерт өтті

27-28 сәуір күндері Қызылорда қаласында "Отан-Ана" республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылды

320 0

Белгілі қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтың өмірден өткеніне бір жыл толуына байланысты 27-28 сәуір күндері Қызылорда қаласында "Отан-Ана" республикалық әншілер байқауы ұйымдастырылып, гала-концерт өтті, деп хабарлайды Қызылорда әкімінің баспасөз қызметі.

Конкурстың бірінші күні ұйымдастырушылар баспасөз-мәслихатын өткізіп, сайыстың шарттарын түсіндірді. Бақауға қатысушыларға қойылған негізі талап жанды дауыста Батырхан Шүкеновтың бір әнін және өз таңдауы бойынша тағы бір туынды орындауы тиіс болды.

Байқауға қатысу үшін келіп түскен 200-ден астам өтініштен білдірушілерден 26 қатысушы іріктеліп алынды.

Батырхан Шүкенов атындағы республикалық «Отан-Ана» байқауының бас жүлдесін қарағандылық Ербол Тәжиев жеңіп алды. Ал бірінші орын Астанадан келген Дәурен Оразбеков пен карагандылық Әлібек Шәкенов есімді екі бірдей жас өнерпазға берілді. Байқаудың екінші орынын Батыс Қазақстан облысының өнерпазы Сұлтан Қайырсапиев пен қызылордалық Ерлан Байбазаров иеленді. Үшін орынға атыраулық Динара Хайруллина мен Шығыс қазақстандық Жанерке Қабатаева және сырбойылық Дархан Қаматаев лайық деп танылды.

Ал Қарағандыдан келген қатысушы Лаура Айтбаева Б.Шүкеновтың отбасының атынан арнайы сыйлықтың иегері атанды.

28 сәуір күні Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева мен байқау қатысушылары гала-концертте өнер көрсетті. Батырхан туралы естеліктер айтылып, оның әндері шырқалды. Бұл сайыс дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіліп тұрады деп жоспарлануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!