Ұлттық музейде Асхат Ахмедияровтың "Жалғыз да көп" көрмесі ашылды

Фотография - Ұлттық музейде Асхат Ахмедияровтың "Жалғыз да көп" көрмесі ашылды

"Жалғыз да көп" көрмесі 2016 жылғы 17 маусымға дейін жалғасады.

389 0

Көрменің салтанатты ашылуында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Асхат Ахмедияровтың туындыларының ерекшелігіне тоқталып өтіп, оның өнеріне шығармашылық табыстар тіледі, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

"Асхат Ахмедияровты көркем сурет, фотосурет, видео, инсталляция және перформанс салаларында жұмыстанып жүрген танымал суретші ретінде білеміз. Оның туындылары біздің елімізде де, шет елдерде де жоғары бағаланып жүр. Себебі оның жұмыстарының өзіндік бояуы бар, өзіндік стильі қалыптасқан. Тиісінше сұраныс та жоқ емес. Автордың мән-мазмұны терең көрмесінің Ұлттық музейде өтуі еліміздің күллі көркемдік әлеміндегі маңызды кезеңі болмақ деп ойлаймын. Сондықтан да Асхатқа шығармашылық табыстар тілей отырып, өнердің биік шыңдарын бағындыруына тілектеспін", - деді Д.Мыңбай.

Асхат Ахмедияров өзінің авторлық көрмесі туралы айта келе, осыған дейін оның талантына қолдау көрсетіп келген өнер жанашырларына алғыс білдірді.

"Ұсынып отырған жұмыстарымның көпшілігін осы көрмеге арнайы дайындадым. Әлбетте, өнердің жолы оңай емес. Осы уақытқа дейін көптеген сындардан өтіп, өмірімнің ең қиын сәттерін артта қалдырдым деп ойлаймын. Десе де мен қайта өнер жолын таңдадым. Белгілі бір деңгейге жету үшін көп еңбектену қажет болды. Бұл ретте мен Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай мырзаның, Халықаралық Өнерді дамыту ассоциациясының негізін қалаушы Дина Байтасованың ерекше қолдауларына ие болдым. Сол үшін де бүгін көпшілік алдында ол кісілерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің қоғамда да өнерді жоғары бағалай білетін осындай жандардың бар екеніне қуаныштымын", - деді А.Ахмедияров.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!