Таркан өнеріне бас иген қызға үйленді

Фотография - Таркан өнеріне бас иген қызға үйленді

Пынар Дилек те, Таркан сияқты Германияда дүниеге келген

309 0

Белгілі түркиялық поп-әнші Таркан өнеріне бас июші қыға үйленді, деп жазады Daily Sabah.

43 жасар Таркан мен 30 жасар Пынар Дилек бес жыл бұрын кездесе бастаған. Пынар Дилек те, Таркан сияқты Германияда дүниеге келген. Неке қию салтанаты Стамбулда өтті. Той бірнеше күнге ұласпақ.

Таркан – ағылшын тілінде бір де бір ән айтпай Еуропада танымал болған жалғыз әнші. Rhapsody музыкалық порталы әншіні Şımarık әнімен еуропалық поп-музыка тарихындағы басты тұлға деп атады. Түркияда Таркан "Поп-музыка ханзадасы" деген атаққа ие. Әншінің бірнеше платиналық альбомы 19 миллион данамен тараған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!