Мүсірепов театры Түркияда ең үздік спектакль жүлдесіне ие болды

Фотография - Мүсірепов театры Түркияда ең үздік спектакль жүлдесіне ие болды

Түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестивалі өтті

342 0

Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен "Мың тыныс – бір дауыс" атты Түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестиваліне қатысып, "Ең үздік спектакль" жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықовтың айтуынша, Түркітілдес театрлардың 9-шы халықаралық фестивалі өте жоғары дәрежеде өткізілді. Фестивальге он түрлі театрлар қатысып, өнер көрсетті.

Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге театр ұжымы Георгий Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын Коньяның орталығында орналасқан – Түрік ұлттық "Devlet" театрының сахнасында қойды

26 сәуір күні Түркияда көрермендер назарына ұсынылған "Қара шекпен" спектаклі – жануарлардың бейнелері арқылы адамның шынайы бет пердесін ашып көрсетуге бағытталған. Жер бетін мекендейтін он сегіз мың ғаламның ішіндегі жаратылыстардың ең құдіреттісі де, ең ақылдысы да, ең әдемісі де – Адам... Ал, Біз, дәл осындай «дәрежеге» расымен, лайықпыз ба?! Кез келгеніміздің бойымызда бар өзімшіл қасиеттер басым түсіп, жан азығынан мақұрым қалғандай адамдық қасиетіміз жойылып, кейде хайуанға айналып бара жатқанымызды өзіміз де байқамай жатамыз... Осындай сан түрлі сұрақтарға жауап іздейтін қойылымды Түрік елінің жұртшылығы жылы қабылдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!