"Қонақжай шаңырақ астында" атты фестивалі өтті

Фотография - "Қонақжай шаңырақ астында" атты фестивалі өтті

Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстан халықтары арасында достықты, рухани бірлік идеясын, мәдениетін қалыптастыру және дамыту.

269 0

2016 жылғы 29 сәуірде № 2 Оқушылар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған "Қонақжай шаңырақ астында" Қалалық Халықтар достығы фестивалі өтті. Аталған фестивальге 1000-нан астам бала қатысты. Онда Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетінен көрсетілімдер қойылды. 

Қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, қытай, татар және өзге де этнос өкілдерінің ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттерді толық көрсетті. Одан бөлек, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылып, оған бауырсақ, бесбармақ, самса, бәліш, қытырлақ нан сияқты алуан түрлі тағамдар қойылды. Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігін көрсететін ұлттық нақышта ән салынып, би биленді. 

Осынау ауқымды фестивальде кең пейілді, қонақжай Қазақстанды көрсеткен № 2 Оқушылар үйі әділ түрде Гран-Приді жеңіп алды. Жарқын да айшықты орындалған қазақ биі барша көрерменнің көңілінен шықты. Фестивальді ұйымдастырушы – Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен ауданның № 2 Оқушылар Үйі. Фестивальдің негізгі мақсаты – Қазақстан халықтары арасында достықты, рухани бірлік идеясын, мәдениетін қалыптастыру және дамыту. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!