Қазақстандық жылқышылар Ұлытаудағы фестивальда өздерінің дәстүрлерін көрсетті

Фотография - Қазақстандық жылқышылар Ұлытаудағы фестивальда өздерінің дәстүрлерін көрсетті

Ұлытау аудан әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Терісаққан көктемі" этнофестивалі өткізілді.

189 0

Ұлытау ауданы Терісаққан ауылында туристік кластерді дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, "Ұлы тағзым" қоғамдық қоры, Ұлытау аудан әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен "Терісаққан көктемі" этнофестивалі өткізілді.

Фестивальдің бірегей ерекшелігі – этнофестивальге арқау болып отырған салт-жоралғылар Еуразия кеңістігінде тек Терісаққан ауылында сақталып қалғандығы болып табылады.

Шараға Польша, Россия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің, National Geographic, Туран-ТВ телеарналарының, Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілдері, ЮНЕСКО сарапшылары, ғалымдар, студенттер және т.б. қатысты.

Іс-шара бағдарламасы қазақ ұлттық дәстүрлерді көрсетіп, насихаттауға кеңінен бағытталған. Фестиваль қонақтары "Күбі ыстау" салтына қатысып, "Қымыз мұрындық" дәстүрлі асынан дәм татумен қатар көне рәсім: "Бие байлау", "Ши тоқу", "Киіз басу", "Бау тоқу", "Май былғау", "арқан есу" шеберлік сыныптарында дәріс алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар ұлттық ойындар "Асық ату", "Садақ ату", "Найза лақтыру" ұйымдастырылып, құрт түрлерінің және ат әбзелдерінің көрмесі өтті. Ат әбзелдері көрмесі аясында шара қонақтары асау үйрету мен жылқыны жығу рәсімдерін тамашалады.

Ауылдың бас алаңында өткен фестиваль шаралары көркемөнерпаздарының "Шақырады көктем", "Ауыл кеші көңілді" атты концерттік бағдарламаларымен жалғасты.

Биылғы этнофестиваль шара қонақтары мен қатысушыларының есінде "Жанайдар батыр" саябағының салтанатты ашылуымен сақталады.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!