"Астана Опера" әлем опера классикасы жауһарларынан құралған "сөзсіз опера" өтеді

Фотография - "Астана Опера" әлем опера классикасы жауһарларынан құралған "сөзсіз опера" өтеді

"Астана Опера" елордалық музыка сүйер қауымға әлемдік опера классикасының жауһарларын тосыннан өте қызық нұсқада ұсынбақ

1179 0

"Астана Опера" елордалық музыка сүйер қауымға әлемдік опера классикасының жауһарларын тосыннан өте қызық нұсқада ұсынбақ. 12 мамырда театрдың Камералық залында "Сөзсіз опера" атты концерт өтеді, деп хабарлайды тетрдың баспасөз қызметі.

Парафраза (қиял) мен транскрипция – фортепианода кеңінен қолданылатын музыкалық жанр. Бұл бағыттағы көптеген маңызды көркемдік шығармаларды Ф. Лист жазған. Егер парафраза музыкадағы танымал әуендерді аспапты шығарма түрінде асқан шеберлікпен өңдеуді білдірсе, транскрипция – музыкалық шығарманы басқа аспапқа салу немесе сол аспапқа ыңғайластыру үшін қайта өңдеу.

"Концерттің идеясы – "Астана Опера" театры аспапшыларының орындауындағы опералық музыканы көрсету, олар тек талантты оркестр музыканттары ғана емес, жарқырап жеке де, ансамбльмен де орындайтындар. Жеке ойнайтындар – скрипка, виолончель, контрабас, рояль, ал секстет кешті аяқтайды. Концертке дайындалуға жарты жыл уақыт кетті. Бағдарламаға танымал әуендер енді. Кең экранда көрерменге қызық бейнесүйемелдеу көрсетіледі", - деп атап өтті халықаралық байқаулардың дипломанты, театр концертмейстері Долорес Үмбетәлиева.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!