Түрлі этностардың өкілдері қазақ тілінен жарысқа қатысты

Фотография - Түрлі этностардың өкілдері қазақ тілінен жарысқа қатысты

Гран-при "Таң" татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Әділ Ишмухаметовқа бұйырды

267 0

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған "Біз – Ұлы дала балалары" мәдени-бұқаралық шарасы аясында этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша "Тіл – достықтың алтын көпірі" атты байқаудың соңғы кезеңі өтті.

Гран-при "Таң" татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі Әділ Ишмухаметовқа бұйырса, "Возрождение" неміс қоғамының өкілі Анастасия Кровицкая бірінші орын алды.

"Байқау жеңіл әрі қызықты болды. Мен қазақ және ағылшын, сондай-ақ, Конфуций институтында қытай тілін үйреніп жүрмін. Байқауда «Қарлығаш» әнін орындап, өлеңдер оқыдым, әңгімелесуден өттім. Оның үстіне неміс қоғамында актерлікпен айналысамын, мектепте "беске" оқимын", – дейді он бес жасар Анастасия Кровицкая.

Осы күні Оқушылар сарайында қалалық жексенбілік мектеп оқушыларының арасында "Менің Отаным - Қазақстан" сурет байқауының қорытындысы шығарылды.

Бірінші топ 6-9 жастағы балалар арасында Неміс жексенбілік мектебінің оқушысы Алина Жакулина Гран-при иеленді, ал Өзбек жексенбілік мектеп оқушысы Абдуллах Аббозов бірінші орын алды.

Екінші топ 10-12 жастағы балалар арасында бас жүлде Орыс-казак жексенбілік мектебінің шәкірті Леонид Грицманға бұйырды, татар-башқұрт жексенбілік мектебінің өкілі Арина Абдрахманова бірінші орын иеленді.

Ересектер арасында (13-17 жас) "Оберег" Украина жексенбілік мектебінің өкілі Әсел Сапаралиева Гран-при алса, осы мектептің тағы да бір өкілі Юлия Шмидт бірінші орынға тұрақтады.

Шара соңында елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары баршаға музыкалық көңіл күй сыйлап, ҚР тұрып жатқан этностардың ұлттық әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен таныстырды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!