Стокгольмде "Евровидение-2016" байқауы басталды

Фотография - Стокгольмде "Евровидение-2016" байқауы басталды

"Евровидение-2016" байқауының жартылай финалы 10 және 12 мамыр күндері өтеді.

709 0

8 мамыр күні Швецияның астанасы Стокгольм қаласында "Евровидение-2016" байқауы басталды.

Шеппсбраун жағалауындағы патша сарайының алдында орналасқан "Евроклубтың" қызыл кілемінен әншілер мен қатысушылар делегациясы жүріп өтті. Аталған басылымның хабарлауынша, қала билігі қонақтарды ерекше салтанатпен қарсы алған. Әдетте аталған ғимаратта Нобель лауреаттарына арналған банкет өткізіледі екен. Мұнымен қатар, қала тұрғындарына арналып орталық саябақта кішігірім концерт ұйымдастырылды.

"Евровидение-2016" байқауының жартылай финалы 10 және 12 мамыр күндері өтеді. Ал финал 14 мамыр күні тікелей эфирден көрсетіледі. Биыл Come Together ("Бірге болайық") деп аталатын сайысқа 42 мемлекет атсалысады. Көршілес Ресей мемлекетінің намысын Сергей Лазерев қорғайды. Ол "You Are The Only One" әнін айтуды жоспарлап отыр.

stan.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!