Белгілі өнер иесі Болат Сыздықовты жер қойнына тапсырылды

Фотография - Белгілі өнер иесі Болат Сыздықовты жер қойнына тапсырылды

2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілген.

1605 0

Бүгін Алматыда "Мюзикола" тобының негізін қалаушы, танымал музыкант Болат Сыздықовпен қоштасу рәсімі өтті. 

Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өткен қоштасу рәсіміне қазақстандық өнер қайраткерлері, әншілер мен әртістер, жұртшылық өкілдері қатысты.
Қаралы жиында Сыздықовпен бірге "Мюзикола" дуэтін құрған әнші Карина Абдуллина, Алматы әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп, марқұмның музыка өнеріне арнаған өмір жолы мен ел-жұртына қалдырған шығармашылық мұрасы туралы қайғыра еске алды.
Болат Сыздықов 1976 жылы Алматыға келіп "Гүлдер" ансамбілінде, "Арай" тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен бірлесе жұмыстар атқарған. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен "Мюзикола" дуэтін құрып, елге танымал болды. Оған 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілді.
Ол 7 мамыр күні қайтыс болған еді.

Фото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз ТолекеФото - Фото: ©Алмаз Толеке



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!