Сергей Лазарев "Евровидениенің" финалына шықты

Фотография - Сергей Лазарев "Евровидениенің" финалына шықты

Бірінші жартылай финалда Лазерев 9 нөмірде өнер көрсетті

339 0

Ресей әншісі Сергей Лазарев "Евровидение" халықаралық ән байқауының финалына жолдама алды, деп хабарлады Baq.kz.

Бірінші жартылай финалда Лазерев 9 нөмірде өнер көрсетті. Байқауда әнші "You are the only one" әнін орындады. Айта кету керек, бұл туынды "Евровидение" басталмай тұрып-ақ еуропалық чарттардың үздік орындарынан көрініп үлгерген болатын.

Ресей орындаушысымен бірге финалға өткендердің арасында Әзербайжан, Нидерланды, Венгрия, Хорватия, Австрия, Армения, Чехия, Кипр мен Мальтаның әншілері де бар.

Екінші жартылай финал 12 мамырда, ал финал 14 мамырда өтеді.

Байқау шартына сәйкес, "үлкен бестік" (Франция, Великобритания, Германия, Италия және Испания) пен былтыр жеңіске жеткен мемлекеттің әншілері жартылай финалға қатыспайды. Олар бірден финалда өнер көрсетеді.

"Евровидение-2016" Швеция астанасы Стокгольмде өтіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы осы елдің азаматы Монс Сельмерлёв "Hero" әнімен жеңіске жеткен болатын. Бұл Швеция үшін үш жыл ішіндегі екінші жеңісі еді.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!