Венада Қазақстан киносының күндері басталды

Фотография - Венада Қазақстан киносының күндері басталды

Еуропалық көрермендер назарына отандық киноөндірістің ең жарқын туындылары ұсынылады

186 0

Венада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Қазақстан киносының күндері басталды, деп хабарлады 24.kz.

Еуропалық көрермендер назарына отандық киноөндірістің ең жарқын туындылары ұсынылады. Олардың арасында аты аңызға айналған әнші мен композитордың өмірі туралы "Бiржан Cал" және Оскар сыйлығына ұсынылған "Жаужүрек мың бала" фильмдері бар. Аталған шараны Австриядағы елшілігіміз бен "Қазақфильм" киностудиясы бірлесе ұйымдастырған. Үш күнде қазақстандық режиссерлердің шығармаларымен 800-ден астам адам танысады деп күтілуде. Барлық фильмдер түпнұсқасында қазақ және орыс тілінде көрсетіліп, ағылшын тіліндегі субтитрмен қоса жүреді. Ал Венадағы қазақ киносының күндері Ермек Тұрсыновтың "Шал" картинасынан басталды. Философиялық мағынаға толы осы өсиет әңгіме Ұлы даланың даналығына негізделіп, адам баласы табиғат заңдарына сай өмір сүру қажеттігін еске салады. Фестивальдегі басты мақсат – еуропалық көрерменге түсінікті тілмен халқымыздың салт-дәстүрі мен төл мәдениетіміздің ерекшелігін жеткізу болмақ. 


Бақыт Қаирбеков, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті: - Осындай киноны көргенде біздің жағдайымызды, нағыз шын жүректен шыққан көңіліміз қандай, жағдайымыз қандай, соны түсіндіретін фильмдер, меніңше, мағынасы өте биік.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!