Алматыда картиналар аукционға шығарылады

Фотография - Алматыда картиналар аукционға шығарылады

"BonArt" аукцион үйі Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

404 0

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 13-28 мамыр күні "BonArt" халықаралық аукцион үйінің "Бейнелеу және cәндік-қолданбалы өнері" атты 10-шы сауда-саттық аукцион алдындағы көрмесі өтеді. 

"BonArt" аукцион үйі Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде танытты. "BonArt" аукцион үйінің сарапшылары мен оның жетекшісі Максим Ткаченко коллекциялық және мұражайлық деңгейiдегі бейнелеу өнерінің туындыларын осы шара үшiн әдейi таңдаған.
Көрмеде XIX-XX ғасырдың қазақстандық, орыс, батыс-еуропалық өткен жүз жылдықтардың кескiндеме мектебінің шығармалары, оның ішінде ХVIII-XIХ ғ. қазақтардың өмірі, тұрмысы және киімдері бейнеленген нақыштар, жәнеде Орта Азия аймағының XVII-XIX ғ.карталары ұсынылды.

"BonArt" аукцион үйінің жаңа коллекциясының ең қызықтысы Николай Каразиннің 1897 ж. салынған және дәстүрлі қазақ жанұясы балаларымен бейнеленген туындысы болып табылды. Аукционның топ лоттарының бірі – үлкен коллекцияда сирек кездесетін Түркістан сериясынан Степан Колесниковтың туындысы (И. Репин және К. Маковскийдің оқушысы). "BonArt" аукцион үйінің 10-шы сауда-саттығынның топ лоттарының ішінде белгілі суретші Рихард Зоммердің Қазақстандық коллекия жиюшылар арасында ерекше әйгілілік алған екі сурет бар. Екеуіде 1900 жж. салынған ислам сюжетін көрсетеді.

Жәнеде коллекция жиюшыларына назар аударуға тұрарлық ХІХ ғ. екінші ширегіде Батыс Еуропада қоладан жасалған орта азиялық жауынгер-көшпендісі мүсіні. Бұл мүсін туындысы осындай сюжетімен біздің кезімізде өте сирек кездеседі.

Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындыларының ішіндегі ерекше назар аударуға лайықты ең дарынды және жарық ұсталарының бірі Салихитдин Айтбаевтың орындауындағы "Жайлау" (1993 ж.) туындысы. 
Көрмеге келушілер Әбілхан Қастеев, Молдахмед Кенбаев, Гульфайруз Исмаилова, Евгений Сидоркин, Жаңатай Шарденов, Айша Галимбаева, және т.б. дарынды суретшілердің туындыларын тамашалай алады. 
Халықаралық "BonArt" аукцион үйі өнер әлеміне қоғамның көңілін аударуды, жинақтау мен сақтауға қолайлы жағдай жасауды өзіне басты міндет етіп қояды.

Көрме аяқталғаннан кейiн, мамырдың 29-шы жұлдызында аукцион саудалары өтедi. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!