Евровидение-2016 конкурсында Украина жеңіске жетті

Фотография - Евровидение-2016 конкурсында Украина жеңіске жетті

Джамала атты әнші Қырым татарларының департациясы туралы "1944" әнін орындады

634 0

Стокгольмде өткен "Евровидение-2016" конкурсында Украина атынан шыққан Джамала атты әнші жеңіске жетті, деп жазады Today.kz.

Конкурстың ресми сайтындағы ақпарат бойынша Джамала 534 балл иеленген.


Екінші орында – қазылар алқасына қатты ұнаған австралиялық Дэми Им, ол 511 балл жинады, ал ресейлік әнші Сергей Лазарев 491 балл иемнедніп, үшінші орында көрінді.



Биылғы жылы дауыс беру ережелері өзгертілген болатын: кәсіби қазылар мен әр елдің теледидар көрермендері конкурс қатысушыларына бөлек дауыс берді. Қойылатын балл көрсеткіштері 1-ден 8-ге дейін және 10-нан 12-ге дейін. Дауыс беруді қортындылау кезінде алдымен қазылардың қойған бағасы, содан кейін теледидар көрермендерінің берген бағасы айтылатын болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!