20 мамырда музыкалық конкурсы басталады

Фотография - 20 мамырда музыкалық конкурсы басталады

Конкурста Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларынан 14 орындаушы бағын сынайды

420 0

Биыл 25-ші рет өткізілетін жас орындаушылардың "Жас қанат – 2016" республикалық конкурсына дейін санаулы күндер қалды. Бүгін өнерпаздар Астанаға келді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Конкурста Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларынан 14 орындаушы бағын сынайды. Үш орындаушы Астананың намысын қорғайды.

– Бүгін орындаушылар көп жұмыс істейді, дайындалады, кездесулер, конкурс алдындағы жеребе тастау өткізіледі, әртістер үшін бұл өте маңызды. Конкурсқа қатысушылардың жасы 15-тен 28-ге дейін. Бәрі де бұрын басқа байқауларға, соның ішінде халықаралық ән конкурстарына қатысқан. "Жас қанат" та басқа конкурс сияқты тәжірибе жинауға, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, қатысушыларға сахнада өзін-өзі ұстау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Вокалдың шегін анықтау үшін конкурс репертуары күрделі болуы керек. Қатысушылар әр түрлі тілдерде ән салады, – деді "Жас қанат" байқауының өкілі Жібек Кашкеева.

Аталған байқау талай жас орындаушылардың жолын ашты, қазақстандық жұлдыздардың көбі шығармашылық жолын осыдан бастаған.

Қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллин "Жас қанат" жайлы өз ойымен бөлісті.

– "Жас қанат" - бұл өмірлік мектеп. Мен үшін бұл аса маңызы бар өмірдің, ердің үлкен мектебі. Менің ойымша, бұл байқауда қысқа ғана уақытта алынған тәжірибе, университеттік білімнен асып түспесе, кем түспейді. Қаншалықты қобалжулы болса да, жас әнші барша халық алдында өз өнерін көрсете алады. Бұл баға жетпес тәжірибе, – деді Н. Абдуллин.

"Жас қанат" конкурсы қазақстандық әнші Мадина Садуақасованың да тағдырын анықтады.

– Өмірлік жолымды таңдауда "Жас қанат" байқауы басты рөл атқарды. Бойыма ерекше жауапкершілік артқан ең маңызды жеңісім де осында болды. Себебі, менің талантымды әділ қазылар алқасы мойындап, маған үміт артты. Ал қазылар алқасында әр кез белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлері болатын, – дейді орындаушы.

Мерейтойлық конкурс 20-22 мамырда Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Билет сатып алу мәселесі бойынша 744650 телефонына хабарласуға болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!