Еуропа тұрғындары Еurovision нәтижесіне қарсы қол жинап жатыр

Фотография - Еуропа тұрғындары Еurovision нәтижесіне қарсы қол жинап жатыр

Change.org сайтында халықаралық "Еurovision-2016" ән конкурсының нәтижесін қайта қарауды талап еткен петиция пайда болған.

538 0

Change.org сайтында халықаралық "Еurovision-2016" ән конкурсының нәтижесін қайта қарауды талап еткен петиция пайда болған.

Құжат авторы Ереван қаласының тұрғыны Артур Оганесян атты адам. РИА новости агенттігінің берген мәліметіне қарағанда, бұл бастаманы Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австралия, Сербия, Швеция, Ресей, Украина және тағы бірнеше елдің тұрғындары қолдаған. Сонымен бірге, бұл құжат қазіргі кезде керекті 35 мың дауыстың 29 мыңын жинап үлгерген.

Ал Испания мен Германияның кей тұрғындары өз елдерінің "Еurovision-2017"  конкурсына қатыспауға шақыруда. Ал Францияда конкурс барысында тікелей эфирде сөйлеген France 2 арнасының тележүргізушіні жұмыстан шығаруға қол жинауда деп жазады басылым.  Мариан Джеймс (Marianne James) тікелей эфирде Ресейге қатысты намысқа тиетін сөздер айтып, Францияның имиджін түсіріпті-мыс.

Дегенмен, Еуропадағы петициялардың барлығы тікелей Украинаның ұтып шыққанына және жалпы конкурстың биылғы нәтижесіне ғана емес, соңғы жылдардағы көркемдігінен саясилығы басым болып бара жатқандығына қарсылық білдіру екені сөзсіз.

Биылғы жылы "Еurovision" конкурсында украиналық әнші Джамала "1944" әнімен жеңіске жеткен болатын. Тәртіпке сай, келесі жылы конкурс Украинаның қалаларының бірінде өтеді.



 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!