Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы неміс тіліне аударылды

Фотография - Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасы неміс тіліне аударылды

Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен "Büchergilde" баспасында басылып шықты

463 0

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасымен толықты, деп хабарлайды Әдебиет порталы.  

Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен "Büchergilde" (Германия) баспасында басылып шықты. Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын "Құлагер" поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді.

2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері "Құлагердің" неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған. Аталмыш шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтың қызы – Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылып отыр. Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!