Қарақат Әбділдина: Қыдырәліге Алла разылыгы үшiн екіншi айел алғаны дұрыс

Фотография - Қарақат Әбділдина: Қыдырәліге Алла разылыгы үшiн екіншi айел алғаны дұрыс

Бүгін белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың туған күні

875 0


Бүгін, 19-шы мамыр күні белгілі продюсер Қыдырәлі Болмановтың туған күні. Продюссер 52 жасқа толып отыр. Осыған орай шоу бизнестегі әріптестері түрлі құттықтауларын жеткізіп жатыр. Бірақ, ең тамаша тілек жары Қарақат Әбілдинадан болды. Ол өзінің инстаграм парақшасында Қыдырәлі мырзаны құрмет тұтанын айтқан. Және де қандай сыйлық сыйларын білмей отырғандығын жазған. 

Қарақат Әбілдина: "Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын... Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын... Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес...  Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыга келдім...  Алгаш рет 18 жасымда ғашык болдым... 3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес....Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашык қылған нағыз Ер азаматқа тан өр мiнез, ешкiмге ұксамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi едI... Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты... Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қарақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес... Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғап, қолдап келедi... Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім... Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық... Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп.... Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын назiк жандылар аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылыгы үшiн екіншi айел алып бергенiм дурыс болар деп шешiп отырмын. КешегI Құнанбайлар секiлдI бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiптI бIр кауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр қайрат жеткiлiктi... Сен бастаган тiрлiктiң берекесiз аякталган кезI болган емес... Окырмандарым түсiнбей калған шығарсыздар? Әлхамдулиллах! Бiзде барI жаксы! Иншалла жақсы болады да..."

Сөз соңында екінші әйел алып беретін ойы бар екенін жасырмады. Мұны оқыған Бейбіт Қорған Қарақат ханымның бұл шешімін құптады. Соған қарағанда өзі де қос жар алғысы келіп жүрген болар. Кім білсін?! Ал, продюсердің жары бұл жазбасын ойланып жазды ма?! Әлде әзіл ма екен?! Оны әрине уақыттың өзі көрсетеді.


gakku.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!