Түлкібаста "Дархан далам" атты симпозиум өтті

Фотография - Түлкібаста "Дархан далам" атты симпозиум өтті

Шараға елімізге еңбек сіңірген қайраткерлер мен академик, профессорлар, сонымен бірге, белгілі суретшілер қатысты.

328 0

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылында еліміздің барлық өңірлері суретшілерінің қатысуымен "Дархан далам" тақырыбында симпозиум ұйымдастырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ішкі туризм саласын дамыту, еліміздің және шет мемлекеттердің саяхатшыларын тарту, суретшілердің шеберліктерін шыңдау мақсатында жоспарланған шара суретшілердің шабыт биігіне айналды.

Шараға елімізге еңбек сіңірген қайраткерлер мен академик, профессорлар,  сонымен бірге, белгілі суретшілер қатысты.

Симпозиумде еліміздің түкпір-түкпірінен келген суретшілер "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығындағы әсем табиғатты қағаз бетіне бейнеледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!