Қарақаттың екінші әйел туралы айтқанына Қыдырәлі Болманов өз жауабын айтты

Фотография - Қарақаттың екінші әйел туралы айтқанына Қыдырәлі Болманов өз жауабын айтты

Әнші ерін Instagram парақшасында ашық пост жазып құттықтады

14521 2


Қазақстандық әнші Қыдырәлі Болманов Today.kz тілшісімен сөз барысында өзінің жары Қарақат Әбділдинаның өз еріне екінші әйел алып беру туралы жазған құттықтауы жайында өз пікірін айтты. Әбділдинаның жазғаны қазақстандық желіні бір дүрліктірді, енді жанкүйерлерді бұл рас па деген ойлар мазалауда.

"Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын... Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын... Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес...  Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім...  Алғаш рет 18 жасымда ғашык болдым... 3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес.... Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып, өзiне ғашык қылған нағыз Ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұқсамайтын өзiне ғана тән болмысы, тектiлiгi едI... Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты... Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қарақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес... Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай қорғап, қолдап келедi... Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім... Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық... Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым... Көп.... Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын назiк жандылар аз емес ... Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып, Алла разылыгы үшiн екіншi айел алып бергенiм дурыс болар деп шешiп отырмын. Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бIр кауымның жүгiн көтеретiн сенде қажыр қайрат жеткiлiктi... Сен бастаган тiрлiктiң берекесiз аякталган кезі болган емес... Оқырмандарым түсiнбей калған шығарсыздар? Әлхамдулиллах! Бiзде барі жаксы! Иншалла жақсы болады да..."

Бұл постты желі пайдаланушылары екі ұдайы қабылдады. Бірі әншіні қолдаса: "Шариатқа қатысты алсақ, өте дұрыс шешім. Бізде көбінде дін мен ұлттық дәстүрден терең білім жоқ. Сондықтан көпшілік үшін бұл жат. Ал мұсылман үшін төрт әйелге дейін алу қалыпты нәрсе, "Меніңше ол өте ақылды әйел заты. Оның өмірге көзқарасы нық, десе. Өзгелері – Қарақат Әбділдинаның ісін пиар деп бағалады немесе Болмановтың тоқалы бар деп шешті. "Белгілі адамдар арасында берік отбасы үшін сыйлайтын жалғыз жұп болатын. Өз еріңді өзге әйелдің құшағына қалай беруге болады? Мен бұл Қарақаттың өз шешімі екеніне сенбеймін. Мүмкін сізді осыған мәжбүрлеген болар. Сене алмаймын", - деп жазыпты alinanur91.

Ал төрт баланың әкесі болып келетін Қыдырәлі Болмановтың өзі бұл жағдайға қатысты Today.kz тілшісіне берген жауабында посттың шын сезімді білдіру екенін және ешқандайда пиар еместігін айтады.

"Қарақаттың маған бергені көп. Ол менің туған күніме әр елдегі достарымды шақырып, табиғат аясында керемет туған күн сыйлады. Ол маған шексіз бақыт сыйлады және ең бастысы оған деген махаббатымды күшейтті. Оның бұл ісінің де бергені мол. Ал екінші, үшінші әйелге келсек – бұл мен үшін маңызды мәселе емес. Мұны Қарақат үйде де құлағыма сыбырлап айтуына болар еді, дегенмен, ол кезде бұл құттықтау осындай әсерлі болмас еді. Мен ештемені анықтап білмей жатып тисіп ала жөнелген адамдарды түсінбеймін. Ол тек өз махабатын білдірді, жай ғана әйел ретінде емес, мықты адам ретінде. Мұны жүрекпен түсіну керек. Оның үстіне маған деген сенімін 150 пайызға көрсетті. Еінші әйел алу бірінші орындағы мәселе емес, бесінші орында жатқан жайт.  Біз 20 жыл біргеміз, мені ол сияқты түсінетін, ол сияқты сүйетін кім бар?

 



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Арман 21 мам. 2016

Қарақат қу екен. Өзінен үлкен көрінетін күйеуінен технично құтылғысы келетін сияқты. О тоба!!!

Жауап беру


Серікгүл 21 мам. 2016

Алла адалдықтарынан айырмасын Қарақаттың мазаббатқа жолдасына деген махаббатының шексіздігі соншалықты қалай қуантсам екен деп шешкен шешімі қате деп айта алмасем бұндай шешімді ерінің шексіз махаббатына бөлене білген жан ғана түсінеді.

Жауап беру