"Жас қанат – 2016" жеңімпаздары анықталды

Фотография - "Жас қанат – 2016" жеңімпаздары анықталды

Байқау қорытындысы бойынша "күміс қанат" қарағандылық "Үш жүз" тобына бұйырды

304 0

Астанада жас орындаушылардың "Жас қанат – 2016" байқауының қорытындысы шығарылды. 25-ші рет өткізілген фестивальдің бас жүлдесін алты финалист сарапқа салды. Нәтижесінде семейлік Парасат Отан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Байқау финалы мен гала-концертте Қазақстан Республикасының белгілі әртістері Бақыт Шадаева, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Майра Дәулетбак, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Нұржамал Үсембаева, Ерлан Көкеев және «К7» тобы өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша "күміс қанат" қарағандылық "Үш жүз" тобына бұйырды, ал оралдық Айбек Дәулетқалиев "қола қанатты" қанағат тұтты. Астаналық Жалғас Сұлтанов, Шымкент өкілі Айзада Әлімбекова және ақтөбелік Нұржан Оразов дипломант атанды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!