ОҚО-да "Балдәурен-2016" балалар байқауы аяқталды

Фотография - ОҚО-да "Балдәурен-2016" балалар байқауы аяқталды

Дәстүрлі шарада іріктеуден өткен 300-ден астам бала бақ сынады

522 0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өңірімізде "Балдәурен-2016" балалардың облыстық өнер байқауы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Келешек жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, бойындағы талантын шыңдау мақсатында өткізілген дәстүрлі шарада іріктеуден өткен 300-ден астам бала бақ сынады. 7 мен 14 жас аралығындағы үміткерлер төрт жанр бойынша - дәстүрлі ән, классикалық ән, эстрадалық ән мен би түрлері негізінде жарысты.

Үш күнге ұласқан облыстық жарыста жүзден жүйрік шыққандарды атасақ. Байқаудың "дәстүрлі әншілер" жанры бойынша бас жүлдені шымкенттік Ұлсая Бектас алса, бірінші орын түркістандық Нұрболат Чапайға берілді. "Эстрада әншілері" аталымы аясында бас жүлдеге төлебилік Нұрмұхамед Шабазов лайықты деп табылса, бірінші орын Қазығұрт ауданынан келген Нұрғиса Жақсылыққа бұйырды. "Классикалық әншілер" номинациясы негізінде шымкенттік Әйгерім Темірбекованың мерейі үстем болса, "би" жарысынан "Еркетай" (Шымкент қаласы) мен "Көркем" (Төлеби ауданы) би тобы бас жүлде мен бірінші орынға ие болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!