"Қазақстан" телеарнасында "Ұлы дала баласы" атты реалити-шоу басталады

Фотография - "Қазақстан" телеарнасында "Ұлы дала баласы" атты реалити-шоу басталады

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізіледі

1202 1

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы 11 шілдеден бастап, өз көрермендеріне жаңа реалити-шоу ұсынады. "Ұлы дала баласы" атты жобаның басты кейіпкері - әнші Төреғали Төреәлі. Бұл туралы "Қазақстан" РТРК» АҚ  баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау  және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізіледі.

Олар: Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Тараз, Қызылорда және Шымкент.

Жобаның тұсауы 24 маусымда Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс  орталығында кесіледі.

Әрбір қаладағы кеш тізгінін телеарна жұлдыздары Дана Нұржігіт, Гүлмира Дайрабаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Бейсен Құранбек, Нұрлан Қоянбаев, Жансерік Бейсеев, Нұрбигүл Сағындыққызы, Ерке Есмахан және Тәуекел Мүсілім ұстайды.

Жоба барысында өнер көрсететін сахна саңлақтары қатарында  ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова, "Жігіттер" квартеті, Алтынай Жорабаева, Мәдина Сәдуақасова,  "Алашұлы" тобы, Ақылбек Жеменей, Мөлдір Әуелбекова, Ринат Малцагов, Қайрат Түнтеков, Қайрат Нұртас,  Серік Ибрагимов, Ернар Айдар, Тамара Асар, "Ханзада", "Алау", "Лашын" топтары бар.

Жазғы маусымда ұсынылар ерекше тележоба әрбір қазақстандықты патриотизмге тәрбиелей отырып, ұмытылмас әсер сыйлайды.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Меру 1 мау. 2016

Керемет

Жауап беру