Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды

Фотография - Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды

Шымкентте 15-ші маусым күні Қайрат Нұртас, Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбеков концерт беруі тиіс болатын.

459 0

"Үш жұлдыз" тыңдармандарының шырқын бұзды. Шымкентте 15-ші маусым күні Қайрат Нұртас, Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбеков концерт беруі тиіс болатын. Алайда, елге белгілі әншілердің кеші болмайтын болды. Нәтижесінде, халық шу шығарып, ұйымдастырушыларды түтіп-жей жаздады.

Үш жұлдыздың ән кешін тамашалауға шымкенттіктерден бөлекӨзбекстаннан да ат арытып келгендер болды. Концерт көріп, бір серпілем деген олардың қуанышы су сепкендей басылды. Немересін жетектеп, аптап ыстықта сабылып, ақ жаулықты әжелерде келді. Әр билетін 3 500 теңгеге сатып алған олардың әншілерге деген өкпесі қара қазандай.

Жиналғандар ашуға булығып, шу шығарып жатқанда, Қайрат Нұртастың продюсеріменде тілдестік. Гүлзира ханымның айтуынша, ұлының бұл кешке қатысы жоқ көрінеді. Кейіннен белгілі болғандай, басы дауға қалған «Шайнус СТАР» ұйымдастыру орталығындағылар, бірден ақталуға кірісті. Олардың мәлімдеуінше билет өтпей қалған. Телеарналарға жарнама беріп, афиша жабыстырып, шығынға шаш етектен батыпты. Сондықтан, концертті ауыстыруға мәжбүр болдық дейді. Ал, шу шығарған халықтан кешірім сұрап, билеттің құнын көрермендерге қайтарып берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!