Астанада "National Geographic"-тің үздік 50 суретінің" көрмесі өтіп жатыр

Фотография - Астанада "National Geographic"-тің үздік 50 суретінің" көрмесі өтіп жатыр

"National Geographic Қазақстан" журналы алғаш рет елімізде үстіміздегі жылдың ақпан айында жарыққа шықты.

222 0

ҚР Ұлттық музейінде "National Geographic"-тің үздік 50 суреті" атты фотокөрме ашылды. Көрмеде талғамы жоғары келушілерге 128 жылдық тарихы бар әлемдік беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотолары ұсынылады.

Онда Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі "Ауған қызы" суретінен бастап, Джейн Гудоллдың өзіндік қолтаңбасы бар кадрлары, Томас Аберкромбидің қайталанбас Меккенің суреті қойылып, "National Geographic" тарихындағы басқа да танымал фототуындылар паш етіледі. Мұнымен қоса, көрмеге келушілер фотосуреттерді тамашалап қана қоймай, кадрдан тыс орын алған оқиғалар туралы да біліп, әр суреттің тарихына терең үңіле алады.

"Ұсынылып отырған әрбір фототуындының терең мән-мағынасы бар және көрмеге келушілерді өмірге философиялық тұрғыдан қарауға шақырады. Әр еңбектен түрлі халықтардың тыныс-тіршілігіндегі белгілі бір сәттерді көруге болады, жабайы табиғаттың қызықты әлемі ашылады. Бұл кез келген астаналық үшін қызықты болады", – дейді ҚР Ұлттық музейінің қызметкері Дәурен Жұмабай.

Фото - Фото - Фото -

Көрме екі айға жалғасады.  

Естеріңізге сала кетейік, "National Geographic Қазақстан" журналы алғаш рет елімізде үстіміздегі жылдың ақпан айында жарыққа шықты.

"National Geographic" тарих, география, археология, ғылым мен мәдениет салалары бойынша теңдессіз фотосуреттер мен эксклюзивті мақалаларды жариялайды. Журнал планетаны аялауды насихаттап, оны қорғауға үндейді, Жер шарының қайталанбас табиғатының әдемілігін сақтауға шақырады.

astana.gov.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!