№3 перинаталды орталықта жас суретшілердің галереясы ашылды

Фотография - №3 перинаталды орталықта жас суретшілердің галереясы ашылды

Шараға орталық қызметкерлерінің балалары қатысып, өз шығармашылықтарын паш етті

229 0

Сенбі күні Астана қаласының №3 перинаталды орталығында көркемсурет галереясы ашылды. Орталықта емделушілердің назарына Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының үздік еңбектері ұсынылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Гуашь, акварель, түрлі түсті қарындашпен және қаламмен салынған мектеп қорынан алынған 30 картина стационардан клиникалық-диагностикалық бөлімге өтетін жерде ілінген.

- Дәлізіміз көркейе түсті Жүкті, жаңа босанған әйелдер осы жерден өткенде әдемі суреттерді көріп, шабыт алатын болады. Бұл балалардың өз қолымен жасаған еңбектері, олардың дүниені ашық, жарқын етіп елестететіні жақсы. Ана да өз балаларын осылай тәрбиелеу керек, - деді №3 перинаталды орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Халида Шәріпова.

Шараға орталық қызметкерлерінің балалары қатысып, өз шығармашылықтарын паш етті. Бәріне де естелік сыйлықтар тарту етілді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!