Спорттық балл биінен Silk Way-2016 Әлем кубогында 500 жуық бала жарысқа түседі

Фотография - Спорттық балл биінен Silk Way-2016 Әлем кубогында 500 жуық бала жарысқа түседі

Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады

386 0

10-12 маусымда Оқушылар сарайында әлемнің тоғыз мемлекетінен және еліміздің өңірлерінен келген бишілер бас қосады. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады.  

7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.

- Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!