Украина бишілері Елордада аяқталған Silk Way-2016 би байқауында жеңімпаз атанды

Фотография - Украина бишілері Елордада аяқталған Silk Way-2016 би байқауында жеңімпаз атанды

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын алды

177 0

Елордалық Оқушылар сарайында спорттық баллдық биден Silk Way-2016 халықаралық жарысының қорытындысы шығарылды. Дүниежүзілік фестиваль Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан және т.б. елдердің өкілдерінің басын қосты, деп хабарлады Today.kz. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын алды. Израиль екінші орында, ал қазақстандықтар қола медальді қанағат тұтты.

7-17 жастағы балалар барлық номинацияларда қатысты. 17 жасқа дейінгілер 7 номинацияда шеберлік байқасты – қазіргі заманғы хореография, әлем халықтарының биі, стильді халық биі, балалар, классикалық және эстрадалық би, сондай-ақ, би шоуы.

- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің балалар өзге елдерден келген қатысушылардан еш кем емес. Техникалық жағынан да, костюмдерімен де. Сондай-ақ, биыл жас санаттары өзгертілді, турнирге кіші топты да қатыстырдық, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!