Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып қалды

Фотография - Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып қалды

Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда

1530 0

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып қалды, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Талғар аудандық ауруханасының емдеу жұмысы бойынша директордың орынбасары мәлімдеді.

"Динамика жағдайы жақсарды, қазір оның жағдайы орта деңгейдегі ауырлықта. Әзірге жансақтау бөлімінде, гемодинамика тұрақты. Ол есін біледі, сөйлейді. Бүгінен бастап өздігінен тамақтануға рұқсат етілді. Қазіргі кезде отыра алады. Енді туыстары онымен көрісе алады", - дейді директордың орынбасары Ербол Сарсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққы алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Белгілі продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы " Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша жүргізілуде. Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас  болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдаған қазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!