Жуырда "Минус 550" отандық комедия көрсетілімге шығады

Фотография - Жуырда  "Минус 550" отандық комедия көрсетілімге шығады

Бұл жоба мыңдаған қазақстандықтардың көңілінен шықты

562 0

Мамыр айының орта тұсында YouTube хостингінде қазақстандық "Минус 550"  комедиясының алғашқы сериясы орналастырылды. Ғылыми-фантастикалық желідегі сериал қазақстандық көрермендердің көпшілігіне ұнап та үлгерді, деп жазады Today.kz.

Сюжет бойынша екі дос Данияр (Данияр Алшынов) пен Макс (Жасын Қанбаев) телепорт арқылы дәл 550 жыл артқа кетіп қалады. Бірінші эпизод көрермендерді Данияр мен Макс атты достармен, сонымен бірге жас ғалым Әлібекпен (Әділбек Әбілов) таныстырады. Екі дос Әлібек ойлап тапқан уақыт машинасының кабинасына кіргеннен кейін абайсызда өткенге түсіп кетіп, ол жерден ат үстіндегі сұлуды кездестіреді.

Жасын Қанбаев: Біз көптеген жауаптар алдық, соның ішінде көбісі оңды болып шықты. Барлығы жалғасын көргісі келеді, сәттілік тілеп жатыр. Түсірілмге өздерін де ұсынып жатқандары да бар. Сұрақтар көп, әрқайсысына жеке талдап жауап бергіміз келеді, қазір біз Today.kz арқасында негізгілеріне жауап беруге тырысамыз.

Актер Жасын Канбаев Today.kz тілшісіне берген сұқбатында комедияның идеясы туралы айтып берді.

Идеясы ­- ­­­махаббат бәрін жеңеді, бірақ негізгі идея ол - достық махаббаттан қымбат. Көрермендерге алғашқы сериясын көріп қортынды шығармауларын өтінеміз, бұл тек рөлдегілердің экспозициясы мен сериалдың шиелінісе бастауы, әрі қарай оқиға өзге фильмдерге  ұқсас емес, болжап білуге келмейтіндей өрбиді ", - дейді Жасын Қанбаев.

Сериалдың Қазақ хандығына еш қатысы жоқ. Алғашында атауы да өзге болған екен.

Шындығында сериал қазақ тарихына еш қатысы жоқ, бірақ қазір біз желінің барлық құпияларын аша алмаймыз. 20-шы сериадан соң кез келген сұраққа жауап беруге дайынбыз, бірақ көбісі ол кезде сұрақ қоюлары екіталай. Бұл ғылыми фантастикалық комедия, жанрының өзі біздің тарихымызды көрсете алмайды. Барлық кейіпкерлер ойдан алынған және түптұлғалары жоқ. 550 цифрасы сериалдың аталымында, негізінде бастапқыда жобаның атауы өзгеше болатын. Бірақ өткен жылы сынамалы сериясын түсіріп жатып мерекеге ұштастыруды ұйғардық ", - деп түсіндірді актер.

Сериалдың орыс тілінде түсірілетінін айта кету керек. Дегенмен, актердың айтуынша, комедияның қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары жоспарда бар.

Бұл оқиға барысы еш мәнісін жоғалтпастан кез келген тілге аударылады. Бастысы  сценарий жазушыларға халықаралық көрермендер түсінбей қалмау үшін қолайлы қылып жазу тапсырылды. Жақында өткен заманның адамдары тіпті ағылшынша сөйлей бастайды. Біз қазақ және ағылшын тілінде қысқаша трейлер дубляжымен айналысып жатырмыз. Алғашқы сериясын бірнеше себептерге байланысты орысша түсіруге ыңғайлы болды. Бірақ біздің продакшн үшін өткен жобаларымызға қарағанда өнімді қай тілде жасасада айырмашылығы жоқ", - дейді Қанбаев.

Сериал ұзақтығы 25 минуттан келетін 20 эпизодтан құралған. Сериалдың көрсетілімі 2016 жылдың күзінде телеарналардың бірінен көрсетілмек.

Күзге қарай сериалды көрермендерге көрсетуге  бар күшімізді саламыз. Әзірге барлығы қаржыға тіреліп тұр, бірақ дайындық толық жүргізілуде, шығармашылық топ барлығы сәтті болатынына сенеді. Сценариі қатты еліктіреді", - деп аяқтады сөзін актер.




 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!